Спорт • 01 Сәуір, 2019

Алты қазақстандық боксшы Бакудегі турнирдің финалында жұдырықтасады

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде алты қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Алты қазақстандық боксшы Бакудегі турнирдің финалында жұдырықтасады

49 келідегі Шалқар Айқынбай финалда Өзбекстан өкілімен кездеседі. 

52 келідегі Олжас Байниязов пен 56 келідегі Оразбек Асылқұлов шаршы алаң иелерімен жұдырықтасады. 

64 келідегі Сабыржан Бекбегенов ресейлік боксшымен өзара кім мықтыны анықтайды. 

Ал 69 келідегі Мәулен Өскенбек пен аса ауыр салмақтағы Данила Семеновты финалда өзбекстандық боксшылар күтуде. 

49 келідегі Ермек Мәдиев пен 64 келідегі Алмазбек Әлібековтер турнирдің жартылай финалында сүрініп, қола жүлдегер атанды. 

Финалдық бәсекелер 1 сәуір күні өтеді.