Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

Солтүстік Қазақстанда ауылдарды жалғастыратын көпір жабылды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылы Соколовка мен Большая Малышка елді мекендері арасындағы көпірді күрделі жөндеуден өткізуге миллиондаған қаржы жұмсалған болатын.

Солтүстік Қазақстанда ауылдарды жалғастыратын көпір жабылды

Алайда, екі жыл өткеннен кейін көпір сыр бере бастаған. Осы себепті көктемгі су тасқыны алдында өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Соколовка ауылдық округінің әкімі Әскер Сейітовтың айтуынша адамдардың қауіпсіздігі үшін осындай қадамға баруға  тура келген. Ауылдықтар болса, мұндай шешімге наразы. Қос ауыл арасын жалғап тұрған өткел алынып тасталғандықтан, қатынау жағы мүлдем күрделеніп кеткен. Жақтау тақтайларының орнына темір бағандар қойылып, 8 миллион теңге бағытталса да, көктем, жаз айларында үлкен қатер төндіреді. Тұрғындар қазір азық-түлік әкелуге болмаса жұмысқа қатынауға айналма жол арқылы қатынап жүр. Сапасыздық сан соқтырды деген осы.

Қисайған көпір көктемгі тасқын кезінде су астында қалады деген болжамның ақыры  жүргіншілерді осындай тығырыққа тіреп отырған жайы бар.

Екі ауылдың арасын жалғайтын өткел тек шілде айының соңына қарай қалпына келтірілмекші.


      Солтүстік Қазақстан облысы