Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

Тізе буынын эндопротездеудің жаңа тәсілдері қолданылады

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тізе буынын эндопротездеудің озық технологиясы әлем бойынша 2 миллион адамға қолданылыпты.

Тізе буынын эндопротездеудің жаңа тәсілдері қолданылады

Осы саланың білікті маманы, хирург-ортопед Денис Римашевский өңірде болып, әріптестеріне шеберлік сағаттарын өткізді.

«Эндопротездеу дегеніміз – адамның тозған шеміршегіне болмаса зақымданған буындары мен сынған сүйектерге жасалатын ота. Полиэтиленді жапсырмамен не темірмен алмастырылады. Компьютерлік томография және МРТ негізінде науқастың анатомиялық ерекшеліктері талданып, ондаған жылдарға жарамды протез қойылады», дейді мәскеулік мейман.

Тізе буынын эндопротездеудің жаңа тәсілі енгізілгелі  облыс орталығында 80-ге жуық ота жасалған. Алайда аталмыш операцияға мұқтаж жандардың саны өте көп. № 3 қалалық емхананың бас дәрігері Ержан Әбуғалиевтың айтуынша,  тізе буынын эндопротездеуге мемлекет қазынасынан  бір науқасқа орташа есеппен 900 мың теңге жұмсалады екен. Биыл 30 адамға ота жасалып,  тізе немесе жамбас сүйегіне эндопротез жасау жұмысы жеңілдетіліпті. Енді оқыстан ауыр жарақат алып, сүйегін сындырған жандар немесе кәрілікке байланысты аяғын жаза алмай қалғандарға тегін ота жасалады.


Солтүстік Қазақстан облысы