Саясат • 02 Сәуір, 2019

Президент полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы Қаулыға қол қойды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президент полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы Қаулыға қол қойды
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы



ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


 

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                    Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 2 сәуір