Аймақтар • 03 Сәуір, 2019

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі бостандыққа шықты

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі бостандыққа шықты

2016 жылы 11 сәуірде Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен мемлекеттік қызметте лауазымдық қызмет атқару құқынан өмір бойы айырылып, 13 жылға сотталған болатын. 2019 жылы 05 ақпанда №2 Қостанай қалалық соты сотталушы Ахметбековтың әлі өтелмеген уақытын жазаның жұмсақ түрі айыппұлмен өтеу туралы өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Соттың бұл қаулысымен келіспеген сотталушы мен оның адвокаты осы қаулының күшін жоюды сұрап, жаңа қаулы шығаруға тағы да өтініш жазды.

2019 жылдың 01 сәуірінде Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьялар алқасы соттың бірінші сатысындағы қаулының күшін жоюға қаулы шығарды. Онда ҚР ҚК 72-бабының 1-бөліміндегі екінші азат жолдың негізінде сотталушы А.Ахметжановтың және оның адвокатының мерзімінен бұрын-шартты босату жөніндегі өтініші қанағаттандырылғаны айтылған.