Қоғам • 03 Сәуір, 2019

Су тасқынына қарсы жағдай бақылауда

574 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аудандық әкімдіктерде тасқын сумен күрес шаралары туралы айтылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Су тасқынына қарсы жағдай бақылауда

Алматы ауданы: 

Железнодорожный, Достық, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарынан 126 мың текше метр қар шығарылды. Ағымдағы қыста ауданнан 1,1 млн текше метр қар шығарылды.

Су басуы мүмкін жеті учаске анықталды. Олардың төртеуі бойынша суды сору жұмыстары аяқталды, үш учаске бақылауда. 

Сонымен қатар, Астана-Қарағанды тасжолынан теміржол экстакадасы ауданында еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілді. №41 разъезд ауданында темір жол төсемі бойымен және Нұрлы кентіне (Ақмола облысы) баратын жол ауданында арналар тазартылады. 

Байқоңыр ауданы:

 Су басудың әлеуетті аймақтарына мониторинг жүргізіліп, осындай жеті нүкте анықталды. Ауданда жүйелі су басу қаупі бар 39 үй орналасқан, 24 үй аумағынан еріген қар суы сорылды. Ағымдағы жағдайды бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады. 

Еріген және жаңбырлы суларды өткізу кезінде 31 182 текше метр қар суы сорылды, ал жеке сектордағы үйлер маңы аумақтарын су басуға жол бермеу үшін көлемі 866 текше метр инертті материал себілді. Осы жұмыстарды жүргізуге барлығы 3 мың текше метр инертті материал және 600 қап құм  дайындалды. 

Есіл ауданы: 

Ұзындығы 620 метр «М-1» және «М-2» көпірлері арасында, «Пригородный» тұрғын алабында 1,3 мың метр нөсерлі кәріз науаларын тазалау жұмыстары аяқталды. 

«Астана Тазалық» ЖШС мердігерлік ұйымы «Майбалық» көлінің арнасын тазарту бойынша, «Легенд Групп ЛТД» ЖШС «Үркер» тұрғын алабында орналасқан арықты тазарту бойынша жұмыстарды аяқтады. 

Сонымен қатар, «Астана ЭТК» АҚ Үркер тұрғын алабындағы 19-шы көше ауданында кабельдік арнаны бітеу бойынша жұмыстарды жүргізді. 

Сарыарқа ауданы: 

Су тасқыны кезеңінде ерекше су басқан бес аймақ анықталды. Агроқалашық, Көктал-1, Көктал-2 тұрғын алаптары, Майкөтов, Мыңарал, Жүнісов (Панфилов), Павлов көшелері. Ауданның жеке секторынан қар шығару жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта аталған учаскелерден су сору жұмыстары жүргізілуде. 

16 қазаннан 1 сәуірге дейін 536 289 текше метр қар шығарылды, 13 900 текше метр арықтық желілер тазартылды. 1 610 жаңбыр қабылдайтын торлар тазартылып, 18 847 текше метр су сорылды, Гагарин, Дулатов, Қожахметов, Павлов көшелері бойынша мотопомпалардың төрт бірлігі орнатылды.