Аймақтар • 05 Сәуір, 2019

Соңғы бес жылда Қостанайда майлы дақылдардың экспорты 4 есе артқан

793 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық кеңейтілген ауыл шаруашылығы мәжілісінде айтылды. Облыста биылғы көктемде 5,3 миллион гектар жерге дән сіңіріледі. Соның 4,7 миллион гектары дәнді дақылдар үлесіне тиеді. Өңірде шаруашылығын әртараптандыру ісі жалғасын тауып келеді. Биыл табысы мол, экспортқа бағытталған майлы дақылдар алқабы тағы да 46 мың гектарға көбейіп, 476 мың гектарды құрады.

Соңғы бес жылда Қостанайда майлы дақылдардың  экспорты 4 есе артқан

«Жыл сайын майлы дақылдар алқабының көлемін өсіру біздің экспорттық әлеуетімізді де күшейте түсті. Егер осыдан 5 жыл бұрын жылына 39 мың тонна майлы тұқымды сыртқа сатсақ, бүгінде бұл көрсеткіш 4 есе өсіп, 151 мың тоннаға жетті» деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.

Майлы дақылдарды жыл сайын көбейтудің арқасында облыс өңіріндегі өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету 13 процентке өсті. Майлы дақылдарды Алтынсарин, Қарабалық, Меңдіқара, Федоров аудандарының диқандары өндіріп отыр. Ғауез Торсанұлы облыстың солтүстік және орталық аудандарының шаруашылықтары да егін алқаптарын көбірек әртараптандыруды ойластыру керектігін ескертті.


Қостанай