Руханият • 08 Сәуір, 2019

Қорда 4 мыңнан астам көне фильм сақтаулы

1103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау жөніндегі орталық тағы бір жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Қорда 4 мыңнан астам көне фильм  сақтаулы

Атап айтқанда, «Қыран даласы» жобасы шеңберінде өткен ғасырдың үздік кинотуындыларын көрсету жоспарланып отыр. Бұл бейнетаспаларды  интернетте табу мүмкін емес.  Алдағы уақытта қорда материалдар электронды  тасымалдау құралдарына көшіріліп,  цифрландырылғаннан  кейін интернет пен телевизия арқылы жұртшылық напзарына ұсынылатын болады. Олардың арасында кеңес заманының кинохроникалары, көркемфильмдер мен деректі фильмдер топтастырылған.  

«Қыран даласы» жобасы «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры»бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. Бүгінде қорда 4  мыңнан астам кинотаспа сақтаулы тұр, оның 600-і–қазақстандық өнім», дейді  тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау орталығының бөлім меңгерушісі Әсемгүл Мәлібаева.

Орталықтың директоры Рахат Мәмбеталиновтың айтуынша, 18 сәуірде атап өтілетін халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай бірқатар шаралар атқару белгіленген.  Оның ішінде өңірдің тарихи жерлері мен ескерткіштерін қалпына келтіру мәселесі басты назарда. Биыл тарихи ескерткіштер қатарына енген екі ғимарат жөндеуден өтеді. Олар– электрстанцияның ғимараты және Петропавл  колизейі.  Ғылыми реставрациялық жұмыстарды өткізуге қаражат қарастырылған.

Өңірдегі  1144 мәдени ескерткіштің  599-ы  мемлекеттің қорғауына алынған.