Қазақстан • 17 Сәуір, 2019

«Бір терезеге» телмірген еңбек мигранттары

881 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Орталық Азия және өзге де жақын аймақтардағы елдер үшін тартымды еңбек нарығы ретінде қарастырылып келді. Тек соңғы үш жылдың ішінде ішкі істер органдары еңбек мигранттарына Қазақстанда жеке тұлғаларға еңбек етуге 1,5 миллион рұқсатнама беріп, оны ұзартқан. Еңбек мигранттарының саны әсіресе, көктемгі-жазғы кезеңде өсе түседі.

«Бір терезеге» телмірген  еңбек мигранттары
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қызмет көрсету мерзімін қыс­­қарту, жемқорлық тәуе­­кел­­­­дерін жою және қолай­­л­ы жағдай жасау үшін құ­рыл­ған Көші-қон қызметі ор­талықтарында еңбек мигранттарына рұқсатнама беру бойынша қызмет «бір терезе» қағидасымен жүзеге асады. Себебі заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер үшін отандық миграциялық полиция қырғидай тиетіні белгілі. Біреудің үйін салып, кафесінде шай тасығандарды уақытша темір торға тоғы­татыны бар. Ондайда әлгі мигранттарды шақырған Қа­зақстан азаматтары поли­­­­цей­лердің «көңілін тауып», боса­тып алады. Осындай жем­­­­қорлық фактілері азаю үшін еңбек етуге рұқсат алу кезінде адам факторы да кемуі керек.   
ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұ­рат­­­­ Қабденовтің айтуын­­­­ша,­­ бұрын мигранттар рұқ­сатнаманы рәсімдеу үшін апта бойы әртүрлі мекеме­­лерді (Мемлекеттік кірістер департаментінде ЖСН жасау, медициналық анықтама алу, полиция бөлімдерінде фотосуретке түсу және дактилоскопиядан өту, мемлекеттік баж салығын төлеу, аударма және нотариалдық қызметтер) аралап жүретін. Ал қазір Көші-қон қызметі орталығында мұн­­­дай рұқсатнаманы бірне­ше сағаттың ішінде рәсімдеу­­ге болады. 
Мұндай орталықтарды құрудағы басты мақсат – елі­мізге келген шетелдіктерге көрсетілетін мемлекеттік қыз­мет­­­­тердің сапасын арттыру, жемқорлыққа итермелейтін жағдайларды жою, қызмет көрсету мерзімін қысқарту.
– Көші-қон қызметі орта­­лы­­­ғында шетелдік төлқұжат пен көші-қон карточкасын ұсыну арқылы медициналық тексеруден, дактиласкопиялаудан өтеді, сақтандыруды рәсімдеп, мемлекеттік баж салы­ғын төлейді, содан соң оған жұмыс жасауға рұқ­­сат­нама рәсімделеді. «Азамат­­­тарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-мен бірге Көші-қон қызметі орталықтары еліміз­дің 14 өңірінде ашылды, – деп мәлімдеді Мұрат Қабденов.
Жоғарыда айтқанымыз­­­дай, Орталық Азиядағы көршіле­рі­­міз­ден Қазақстанға екі қолға бір күрек іздеп келетін жан­дар аз емес. Мәселен, жыл­ сайын орта есеппен тек­ Өзбекстаннан 140 мың кісі келеді. Қырғыз Респуб­­­­­­­лика­сынан 80 мың. Әрине, еңбек миграциясы кез келген мемлекет үшін екіұдай мәселе. Бір жағынан арзан еңбек күші, нарықтағы шағын кәсіпкерлер үшін таптырмас жұмысшылар. Алайда олардың арасында да қылмыс жасайтындары, жұмыссыз қазақстандықтарға қызмет орны үшін бәсекелес болатындары да жетерлік. Бас про­куратураның мәліметін­­ше, 2017 жылы мигранттар Қазақстандағы барлық қылмыстың 2,8% жасаған, көп емес. Бірақ жат жерліктің бір қылмыс жасауының өзі алаңдатарлық мәселе. 
Өткен жылы ІІМ тұрғын­дарға 19,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетіпті, соның ішін­де көші-қон бағытын­­­­­дағысы 16,5 млн. Тұрғындар арасында мекенжай анықта­ма­сы, авто­көлікті тіркеу, Қа­­­зақ­стан азаматтарын тұр­ғылықты жері бойынша­ тір­кеу, төлқұжаттар мен же­ке куәліктер беру, елі­мізге уа­қытша келген шетел­діктерді ті­ркеу, жүргізу­ші куәліктерін беру сияқты қыз­меттер көп сұранысқа ие.