Аймақтар • 20 Сәуір, 2019

Петропавлда екі зауыт салынады

931 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында арнайы технология бойынша қаймақ шығаратын және майлы дақылдарды қайта өңдейтін екі зауыт бой көтереді.

Петропавлда екі зауыт салынады

Аймақ басшысы  Құмар Ақсақаловтың қабылдауында болған «Масло-Дел» ЖШС-нің  бас директоры Павел Селиванов тың жобалармен таныстырып, артықшылықтарына тоқталды.

Бүгінде  «Маслодел» кәсіпорнында қойытылған сүт, майонез, кетчуп, өсімдік майы шығарылады. Озық идея жүзеге асса,олардың қатарын термизделген қаймақ толықтырып, 4 айға дейін сақталады. Барлық жұмыс автоматты режімге көшіріледі. Жоба құны–3 миллиард 256 миллион теңге. Швециялық «Тетра Пак» фирмасының қондырғылары орнатылады.

Екінші жоба  майлы дақылдарды  өңдеу зауыты құрылысына арналған. Кәсіпорын толық қуатына енген кезде  135 жаңа жұмыс орны құрылады. Оны тұрғызуға  8,9  миллиар  теңге бағытталады. Қомақты қаржы сондай-ақ темір жол тұйығын салуға, тозығы жеткен жол мен ғимараттарды қалпына келтіруге, заманауи құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалады.