Аймақтар • 29 Сәуір, 2019

Тарихи таңдауда тұтастық керек

766 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында жастардың «Мемлекеттік тіл - менің тілім» жастар форумында өзекті мәселелер көтерілді.

Тарихи таңдауда тұтастық керек

Алда саяси науқан-Қазақстан Президентін сайлау жақындап қалды. Қалың бұқара кезектен тыс президент сайлауын тарихи таңдау деп танып отыр. Үміткерлер де белгілі болды. Елдің ертеңі жарқын болуы үшін Қазақстан Президенттігіне ең мықты мемлекетшіл тұлға тағайындалуы керек. Форумда облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Абылайхан Сабанбаев осы сайлауда жастардың белсенділігі Қазақстан болашағы үшін ерекше орын алатындығын атап өтті.

«Тұңғыш Президент - Елбасы қай кезде де жастарға зор үміт артып келеді. Былтырғы Жолдауында жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру қажеттігіне тоқталды. Осы мақсатта 2019 жылды Жастар жылы ретінде жариялады. Қашанда жастар - ел болашағы, қоғамның қозғаушы күші, егемендік ұйытқысы»,деді Абылайхан Сабанбаев.

Қазір әр партиядан ұсынылған үміткерлер өздерінің сайлау платформалары жайлы ойларын ашып айтып жатыр. Билікке жету үшін жұрттың көңіл-күйіне ойнайтын әсіреқызыл сөз көбігін сапырып жатқандар да бар.

Жастардың бетке ұстар серкелері ондай арзан уәделерге арандап қалмай, нағыз мемлекетшіл тұлғаны таңдау жайын айтты.