Аймақтар • 30 Сәуір, 2019

Шалғайдағы ауылдарға ауыз су келіп жатыр

1004 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арал ауданы Қызылорда облысының Ақтөбемен шектесетін жеріндегі аймақ. Мұндағы елу елді мекеннің қырыққа жуығы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған.

Шалғайдағы ауылдарға ауыз су келіп жатыр

Аудан көлемінде 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру мақсатында 7 нысанға жоба әзірленген болатын. 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Сексеуіл кентіне су желілерін жүргізу және қайта жаңғырту жұмыстарына 1 410 млн теңге, 2017 жылға 1 680,6 млн теңге қаржы қаралып, Көнту, Бөген, Шижаға, Аманөткел, Аралқұм, Қамыстыбас елді мекендеріне су желілерін жүргізу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Кезінде урбанизация деген желеумен ауылдағы жұрттың қалаға көшуі заңдылық деп түсіндірілетін еді. Соның салдарынан жұрт алдарынан батпан құйрық күтіп тұрғандай қалаға ағылып, онсыз да кетеуі кеткен жұмыссыздық мәселесін ушықтырып жіберген. Ауыл – қазақтың алтын бесігі, ұлт қайнарының тұма бұлағы. Ауылға жағдай жасалса, мемлекеттің экономикасын көтеруде маңызға ие болады. Қаламен теңестірілген соң шаруашылықтарға жан бітіп жатыр.