Аймақтар • 06 Мамыр, 2019

Қызылордада балықтың сазан, ақ амур және дөңмаңдай түрлері өсіріліп жатыр

1475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Сапар Ахметов және Нұржан Әлтаев Арал ауданында Қосжар елді мекеніндегі «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты.

Қызылордада балықтың сазан, ақ амур және дөңмаңдай түрлері өсіріліп жатыр

Тұқымбағы Арал теңізін балықтандыру, балық қорын сақтау және тұқымын көбейту мақсатында жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда балықтың сазан, ақ амур және дөңмаңдай түрлері өсіріліп жатыр.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев меймандарға балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстары жайында айтты.

Халық қалаулылары «Бөген сервистік дайындау орталығы» мен «АР-Н-КОМ», «Қуаныш» балық қабылдау, өңдеу және қатыру цехтарында болып, балықты аршу, өңдеу және арнайы су тоғандарындағы жұмыстарды көрді.

Жұмыс сапары барысында олар «САРАТС» жобасының бірінші кезеңінде сәтті жүзеге асқан «Ақ лақ» су тоспасы мен «Көкарал» бөгетінде болды.