Сайлау • 06 Мамыр, 2019

Қызылорда облысында сайлауалды қоғамдық штаб ашылды

1095 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада Қазақстан Президенттігіне үміткердің Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанынан облыстық сайлауалды қоғамдық штабы ашылды.

Қызылорда облысында сайлауалды қоғамдық штаб ашылды

Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалындағы сайлауалды қоғамдық штабтың құрамы партия өкілдері мен елге танымал қоғам қайраткерлері, партия филиалының Саяси кеңесінің мүшелерінен құралды. Облыстық сайлауалды штабын облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова басқарады.

Облыстық штаб төрағасы партияның кезектен тыс XІХ съезі шешімімен Қазақстан Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылғанын еске салып, облыстық штаб жұмысының негізгі міндеті – Nur Otan партиясының атынан ұсынылған үміткерге қолдау көрсету екенін айтты.

- Облыс бойынша 10 штаб жұмыс жасайды. Оның 1-і облыстық, 2-уі Қызылорда, Байқоңыр қалаларында және 7 ауданда. Штабтар өзінің жұмысын, Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарына сәйкес, 11 мамырдан ресми түрде жүзеге асыратын болады. Қазір облыс бойынша 366 сайлау учаскесі нақтыланды. Барлық учаскеге 1098 сенімді өкіліміз тіркелді. Штабтардың барлығы материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Сайлау науқанында жұмыс жасауға дайын, - деді Ақмарал Әлназарова.

Сыр өңірінде Nur Otan партиясының 51 мыңнан астам мүшесі топтасқан 272 бастауыш партия ұйымы бар.