Спорт • 07 Мамыр, 2019

Жиырма төртінші рет өткізілді

884 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада Кеңестер Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған самбо күресінен халықаралық турнир мәресіне жетті.

Жиырма төртінші рет өткізілді

Жарысқа Ресей федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен самбошылар келді.

Бұл турнир 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. 15 командадан 150-ге жуық балуан қатысқан турнирдің бәсі бөлек.

– Әр спортшы өз деңгейін білу үшін осы турнирге қатысуы керек. Өйткені, бұл тек Азия құрлығында ғана емес, әлемдегі ең беделді турнирлердің бірі. Кілемде Әлем, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері белдеседі. Ал олармен күресу жас самбошылардың мол тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді,-дейді самбодан Азия одағының бірінші вице-президенті Махмуд Абдулло.

Халықаралық турнирдің көрігін түйе балуандар бәсекесі қыздырды. Алыптар айқасында қызылордалық Мақсат Исағабылов жеңіске жетіп, бас жүлдеге ие болды.