Аймақтар • 13 Мамыр, 2019

Қармақшы ауданының тұрғыны құрама жем дайындайтын шағын цех ашты

1217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының кәсіпкерлері мал бордақылауға қатты көңіл бөліп жатыр. Іскер адамдар бел шешіп кірісіп кетті. Соның бірі Қармақшы ауданының тұрғыны Людмила Альмеренова. Ол өз үйінің жанынан құрама жем дайындайтын шағын цех ашып алды.

Қармақшы ауданының тұрғыны құрама жем дайындайтын шағын цех ашты

Төрт түлігінен әркім-ақ пайда көргісі келеді. Ет, сүт бағасы жыл санап өсіп барады. Семіз малдың құны жоғары. Осының бәрін ой елегінен өткізген Людмила мемлекеттік қолдау аясында ашылған арнайы курста дәріс алады. Мамандығы технолог келіншек отағасымен бірлесіп отырып, құрама жем дайындауға қажет нұсқаулық оқулықтарды оқиды. Құрама жем дайындайтын цех қондырғысын Ресейден сатып алып, жұмысын бастап кетеді.

Шағын цех әзірге айына 1 мың 500 келі құрама жем дайындауға мүмкіндігі жетіп тұр. Бойында мал семіртуге қажет дәрумендерге бай азықты сатып алғысы келетіндер көп болғандықтан олар мемлекеттік қолдау арқылы жеңіл несие алмақ. Осылайша кәсібінің аясын кеңейтпек.

Бидай ұнтағы, күнжара, жоңышқа мен кальций фосфаты қосылған құрама жем сауын сиырлар мен бордақыдағы өгіздер үшін құнарлы тағам. Сондықтан да сұраныс көп.