Аймақтар • 14 Мамыр, 2019

Қазақстан Президенті жұмыс барысында облыстық бейінді балалар ауруханасында болды

762 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Қазақстан Президенті жұмыс барысында облыстық бейінді балалар ауруханасында болды

Бүгінде еліміз балалар денсаулығына ерекше мән беріп отыр. Тағдыр жазуымен төсекке таңылған, ақыл-ой, дене дамуында ауытқуы бар балалар мемлекет қамқорлығынан тыс қалмақ емес.

2017 жылы пайдалануға берілген көпбейінді аурухана соның бар айғағы. Ауруханада 11 бөлім, 5 операциялық блок, реанимациялық және анестезияға арналған бөлімдер бар. Сондай-ақ мұнда кеңес беру-диагностикалық бөлімі жұмыс істейді. Аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мамандар шетелдік клиникаларда біліктілігін арттырған.

Облыстық аурухананың бас дәрігері Зоя Көшенова Мемлекет Басшысына осындағы жағдайды баяндап берді. Жоғары медициналық құрал-жабдықтар жетіспеген бұрынғы кездері Қызылордалық балалар Алматы, Астана қалаларына жолдамамен барып емделер екен. Қазір дәрігерлік көмек қолжетімді, медициналық қондырғылар халықаралық стандарттарға негізделген. Көп салалы балалар ауруханасы күрделі оталар болмаса барлық ем-домды өздері жасайды.