Сайлау • 06 Маусым, 2019

Елордада сайлау комиссиясының 2826 мүшесі жұмыс істейді

913 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың сайлау учаскелерінде 2826 сайлау комиссиясының мүшесі жұмыс істейді. Олардың 1109-ы саяси партиялардың мүшесі болса, 1399 – қоғамдық бірлестіктердің өкілі, сондай-ақ 318 адам жоғары сайлау комиссиялары тарапынан ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Елордада  сайлау комиссиясының 2826 мүшесі жұмыс істейді

Сайлау комиссиясы мүшелерінің қатарына бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, саяси партиялар мен ҮЕҰ, коммерциялық құрылымдардың өкілдері, зейнеткерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, студенттер және түрлі мекемелердің қызметкерлері кірді. 

Елордада 238 сайлау учаскесі тіркелген, оның 204-і – ашық, ал 34-і – жабық. Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлаушылардың санына байланысты 5-тен 11 адамға дейін жетеді. Сайлау комиссияларының мүшелері Президентті сайлау жөніндегі тиісті іс-шараларды өткізеді және сайлау күні учаскелерде дауыс беруді ұйымдастырады. 

Әрбір сайлау учаскесінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден 2 бақылаушы жұмыс істейді. 

Қазіргі уақытта бақылаушылар тізімінде қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері және елорда тұрғындарынан құралған 500 адам бар. 

Бұдан бөлек «Думан» қонақ үйінде 18 маусымға дейін жұмыс істейтін халықаралық бақылаушылар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жәрдемдесу орталығы ашылды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024