Аймақтар • 06 Маусым, 2019

Балықты қырғандар кінәларын мойындады

1181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау жылу электр орталығы» АҚ Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуында кінәлі екендерін мойындады. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Серік Жанұзақов хабарлады.

Балықты қырғандар кінәларын мойындады

Серік Жанұзақовтың айтуынша, АЖЭО-ға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, себебі компания өз кінәсін мойындап, шығынды өтейді. Екінші қылмыстық іс бойынша «Атырау су арнасы» басшылары күдікті деп танылды. «Барлық тергеу әрекеттері аяқталды, өзеннің зақымдану көзі және балықтың қырылуы хлордан екені анықталды. Іс одан әрі сотқа беру үшін қадағалау органында (прокуратурада) болады және тергеу жұмыстарымен ІІМ арнайы тобы айналысса да, сот Атырауда өтеді» деді С. Жанұзақов осы мәселеге арналған брифингте.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024