Спорт • 06 Маусым, 2019

Ақтөбеде жүзуден Қазақстан Спартакиадасы басталды

858 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 6 маусым күні Ақтөбеде жүзу бойынша маңызды Республикалық турнир басталды. Аталмыш спорт түрінің барлық жетекші өкілдері Қазақстан Спартакиадасы аясында ең мықтыларды анықтайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ақтөбеде жүзуден Қазақстан Спартакиадасы басталды

Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар қатысады. Сонымен қатар, алдын ала білдірілген өтінімге сәйкес, Ақтөбеде  нағыз көшбасшылар өнер көрсетеді.

Тек Дмитрий Баландиннің, Әділбек Мусиннің және Әділ Қасқабайдың қатыспауы жалғыз ерекшелік болып табылады. Бұл жүзушілер осы жылдың шілде айында өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.

Олардың жеке дайындық бағдарламасы бар: спортшылар атақты маман Дэйв Салоның басшылығымен Әлем чемпионатына дайындалу үстінде.