Сайлау • 10 Маусым, 2019

Exit-poll: Тоқаев айқын басымдыққа ие

405 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше өткен Қазақстан Прези­дентінің кезектен тыс сай­лауында «Қоғамдық пікір» институты және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Exit-poll қорытындысы жария­ланды.

Exit-poll:  Тоқаев айқын басымдыққа ие

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Қоғам­дық пікір» институтының ке­ңес төрайымы, әлеуметтану ма­гистрі Айнұр Мәжитова мәлім етке­нін­дей,  еліміз бойынша 325 сай­лау учаскесінің шыға бері­сінде азаматтар арасында жасы­рын сауалдама жүргізілген. Сауал­дама жүргізу барысында облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары қамтылған. Сондай-ақ шағын қалалар мен ауылдық округтердегі сайлаушыларға да сұрау салынған. Сайлаушылар арасында сауалдама жүргізу халықаралық қағида бойынша жүзеге асырылып, 13 200 сайлаушыға сұрау салынған. Іріктеме қателігі шамамен 3%-ды құраған.

Сонымен «Қоғамдық пікір» институты жүргізген Exit-poll қорытындысы мынадай:

«Қазақстан Коммунистік халық партиясы» қоғамдық бір­лестігі ұсынған Жамбыл Ах­метбеков – 3,86%; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлес­тігі ұсынған Дания Еспаева – 5,32%; «Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсын­­ған үміткер Әміржан Қо­санов – 15,39%; «Ауыл» халық­тық-демократиялық пат­риот­тық партиясы» қоғамд­ық бір­лес­тігі ұсынған Төлеу­тай Рахым­беков – 3,03%; Қаза­қстан Респуб­ли­касының Кәсіподақтар федерациясы ұсынған Амангелді Таспихов – 1,41%; «Nur Otan партиясы» қоғамдық бірлес­тігі ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев – 70,13%; «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы ұсынған Сәдібек Түгел 0,86% дауыс жинаған.

Ал «Жастар» ғылыми-зерт­теу орталығы жүргізген Еxit-poll нә­тижесі бойынша «Nur Otan пар­тиясы» қоғамдық бірлестігі ұсын­­ған Қасым-Жомарт Тоқаев­қа са­уал­дамаға қатысқан сайлау­шы­­лар­дың 69,94 пайызы дауыс бер­ген. Бұл жөнінде орталық ди­рек­торы Талғат Қалиев хабарлады.

Сонымен «Жастар» орта­лы­ғы жүргізген сауалдама қоры­тын­­дысы бойынша Қазақстан Пре­­зи­денттігінен үміткерлердің көр­­­­сет­кіштері мынадай: Жам­был Ахметбеков – 3,06 пайыз, Да­ния Еспаева – 4,78 пайыз, Әмір­жан Қосанов – 14,96 па­йыз, Төлеу­тай Рахымбеков – 2,71 пайыз, Аман­келді Таспихов – 2,63 па­йыз, Қасым-Жомарт Тоқаев – 69,94 па­йыз, Сәдібек Түгел – 1,92 пайыз.