Спорт • 14 Маусым, 2019

Кирилл Герасименко «World Tour Platinum» турнирінде жеңілді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Саппоро қаласында үстел теннисінен «World Tour Platinum» сериясының турнирі өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 270 мың АҚШ доллары деп хабарлайды Olympic.kz

Кирилл Герасименко «World Tour Platinum» турнирінде жеңілді

Бірінші кездесуінде жарыс қожайыны Кохей Самбені 4:2 есебімен ұтқан қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко кореялық Чо Сынминмен жолыққан болатын. Кирилл 0:3 нәтижесімен жеңіліп жатып, есеп айырмасын 2:3-ке дейін қысқарта алды. Алайда кәріс спортшысы алтыншы партияда тағы да үстемдігін көрсетіп, 2:4 есебімен жеңіске жетті. 

«Үшінші сетте Кирилл өз ойын өрнегін таба алды. Төртінші сетті де тәуір ойнаған. 0:3 есебімен жеңіліп жатқанына қарамастан, кездесуде жеңіске де жетуге болушы еді. Алтыншы партияда 9:9 тең нәтижесінде басымдылыққа ие болған. Бірақ сәттілік серік болмады. Теннис шары ракетканың қырына тиіп, аутқа ұшып кетті. Дәл осы сәт ойын тағдырын шешті. Кәріс спортшысы осал ойыншы емес. Осыдан бір жарым жыл бұрын Кирилл оған 2:3 есебімен дол берген. Бұл жолы жеңіске жетуге бір табан жақын болды. Бірақ сәттілік жетіспеді», деді ұлттық команданың кеңесші-бапкері Дмитрий Левенко.