Аймақтар • 18 Маусым, 2019

Ақтөбеде Бөкенбай батырдың ескерткіші ашылды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жұмада Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай, Бөкенбай Қарабатырұлының ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды


"Батыр бабамыз өмір сүрген XVIII ғасырдың басы қазақ халқының тағдырына сын болған, елдікті таразыға салған ауыр кезеңдер болды. Сондай сын сағатта Бөкенбай Қарабатырұлының жер қайысқан қалың қол жинап, жоңғарлардан елімізді қорғауға аттануы — оның болмысы бөлек тұлға, елін сүйген ер, екендігін білдіреді",-деп атап өтті өңір басшысы. Жиынға сондай-ақ, белгілі жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Смағұл Елубай, мемлекет және қоғам қайраткерлері, батыр ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.

Биіктігі  6,0 метрді құрайтын монумент батырдың атындағы көшеде орнатылған. Ескерткіштің мүсіншісі – қаламыздағы Әйтеке би, Әлия сынды тарихи ескерткіштің авторы Жеңіс Жұбанқосов.

АҚТӨБЕ


Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024