Аймақтар • 01 Шілде, 2019

Қостанайда 24-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарабалық ауданының Боскөл ауылындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорнының базасында № 24 жеке өрт сөндіру бекеті ашылды. Өрт сөндірушілердің жаңа бөлімшесін құру Бозкөл ауылдық округінің аумағында орналасқан Боскөл, Талапкер және Саманы – 3 алыс ауылды қызыл оттан қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл ауылдарда барлығы 1 500-ден астам адам тұрады.

Қостанайда 24-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

Жаңа өрт сөндіру бекетінің 9 адам жұмыс істейді. АЦ-30 өрт сөндіру автомобилі (ГАЗ-66), киім-кешек, өрт-техникалық қару-жарақ және үй «Босколь ХПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көмегімен сатып алынды.

Ерікті өрт сөндіру құралымының өрт сөндірушілері мен жүргізушілері Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Кәсіби дайындық мектебінде оқудан өтті. Курстарды аяқтағаннан кейін біліктілік комиссиясы сынақтар қабылдап, лауазымы бойынша бастапқы дайындықтан өткендігі туралы сертификаттар берді. Енді ауыл тұрғындарының тыныштығы тәулік бойы кезекшілікке түсетін, дайындықтан өткен 2 адам қамтамасыз етеді.

Қостанай облысы

Қарабалық ауданы