Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Дрондар қиыншылық тудыратын жерлерді дәл көрсетеді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шиелі ауданының «Ақмая» шаруа қожалығында «Акмауа Smart Farm» жобасы жұмыс істейді. Қазір шаруашылық FMIS – «Ақылды ферма» зияткерлік геоақпараттық платформасын пайдалана отырып тәжірибе жүргізуде деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар баспасөз қызметі.

Дрондар қиыншылық тудыратын жерлерді дәл көрсетеді

Осы жобаға сәйкес егіс алқаптарының мониторингі ауыл шаруашылығы дрондарының көмегімен жасалады.

«Бізде екі дрон бар. Біреуі, алқаптағы егіс жағдайын бағалайды, екіншісі суаруға көмектеседі. Дрон қиыншылық тудыратын жерлерді дәл көрсетеді, сондықтан егістікке бірден көмектесуге болады. Осылайша, бір маусымда біз 20 миллион теңгеге дейін қаражат үнемдей аламыз» дейді шаруашылық басшысы Наматулла Рүстемов.

«И. Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС ғалымдарының болжамы бойынша, дрондарды пайдалана отырып, кез келген шаруашылық еңбек өнімділігін 50 пайызға дейін көтереді екен.