Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Негізгі бағыттар айқындалды

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ кешенді даму үшін оның алғышарттары жасалуы керек. Қызылордада аграрлы саланың негізгі 9 бағыты анықталды. Облыстық мәслихаттың жиында бұл жайында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов таратып айтып берді.

Негізгі бағыттар айқындалды

«Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде біз екі негізгі категория бойынша дамудың секторларын айқындадық. Бұл - ішкі нарықты толықтыру және экспортқа бағдарланған өнім өндірісін кеңейту үшін агроөнеркәсіптік кешен секторын дамыту. Сонымен қатар, өңірдің табиғи климаттық және топырақ ерекшеліктеріне қарай, аграрлық саланы дамытудың 9 басым бағытын анықтадық. Олар: ет және сүт мал шаруашылығын дамыту, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, суармалы жерлерді қалпына келтіру, зәкірлік кооперацияны қайта өңдеу және дамыту, балық шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өткізу, инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру. Аталған барлық бағыттарды іске асыру мақсатында кластерлік негізде өндірістік процестерді басқаруға цифрлық технологияларды ендіру қажеттігі туындауда. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында 148 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз»,-деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі өңдеу өнеркәсібін дамыту еңбек өнімділігі мен экспорт көлемін және еңбек өнімділігін 2,5 есеге өсуін қамтамасыз ететінін атап өтті.