Аймақтар • 10 Тамыз, 2019

Елордада құрбандық шалатын орындар бекітілді

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл діни мейрамның бірінші күні 11 тамыз, яғни жексенбіге түсіп тұр. Бірақ ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды. Елорда әкімдігі құрбандық шалуға арналған орындарды бекітті.

Елордада құрбандық шалатын орындар бекітілді

Байқоңыр ауданында «Нұрбереке-555» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі маңында;

Алаш тас жолы 30 «Рубиком» мен «Әмір» сауда үйінің ортасында;

«Жайлау» тұрғын үй кешенінде;

Алаш тас жолы 313 көшесі «Шәушен» шағын қалашығында, «Астана-Павлодар» авто жолынан 9 шақырым;

«Темеш» шаруа қожалығы Нұр-Сұлтан - Софиевка авто жолынан 7 шақырым жерде  құрбандық шалуға болады.

Сарыарқа ауданында «Ұлжан» әмбебап базары яғни бұрынғы «Саянұр» базарының маңы;

Есіл ауданында «Алтын-Таға» базары Қосшы ауылының алды;

Алматы ауданында «Метро» сауда үйінің яғни Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолы маңында құрбандық шалуға орындар қарастырылған.