Президент • 09 Тамыз, 2019

Президент 11-12 қыркүйекте Қытайға ресми сапармен барады

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент 11-12 қыркүйекте Қытайға ресми сапармен барады

Шахрат Нұрышев Мемлекет басшысына оның биылғы 11-12 қыркүйекке жоспарланған Қытайға сапарына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді.

Президент Бейжіңде өтетін алдағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтіп, елшіге бірқатар нақты тапсырма берді.