Спорт • 09 Тамыз, 2019

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кувейтте 2005-2006 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Турнир нәтижесі бойынша қазақстандық боксшылар 10 медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды

67 келідегі Батырхан Сейтенов пен +70 келідегі Ердос Шәріпбек Азия чемпионы атанды. Ал 61 келідегі Виктор Литвинов күміс медаль еншіледі. 

Азия чемпионатының қола жүлдегерлері тізімі төмендегідей:

  1. Дамир Байпақов, 37 келі
  2. Әмір Сейілхан, 40 келі
  3. Бахтияр Анарбаев, 43 келі
  4. Дархан Нұржігіт
  5. Сұлтан Молдаш, 49 келі
  6. Жасұлан Абдолла, 55 келі
  7. Жандос Ерсұлтанов, 64 келі

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орын иеленді.