Аймақтар • 15 Тамыз, 2019

Қызылордалық полицейлер қару алып жүрген күдіктіні ұстады

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 тамызда полицияға облыс орталығындағы Журба көшесінің бойында белгісіз азаматтың қару алып жүргендігі жөнінде хабарлама түседі. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордалық полицейлер қару алып жүрген күдіктіні ұстады

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қала тұрғыны, 38 жастағы азамат ұсталып, тексеру барысында шолақ мылтық алынды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігімен (Қаруды заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, ұсталған күдікті уақытша ұстау қамаққа алынды.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе сот шешімімен оған бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалуы мүмкін.