Руханият • 27 Тамыз, 2019

Дана Абайдың даналық сөздері

1082 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғаттың төл таңбасындай болып таңбаланған тас белгіде дана Абайдың 18-қара сөзі арнайы жазылып, Абай даңғылының бойына ерекше сән беріп тұр.

Дана Абайдың даналық сөздері

Тас белгі табиғаттың өз сыйындай ерекше құлпырады. Ұлы ақынның өлеңдері мен ғақлия сөздері жазылып қойылуда. Соның бірі Алматыдағы Абай даңғылының бойында таңбаланған тас болып шаһардың орталық көшелерінің бірінің бойында 2,5 метрлік биіктікпен сән берген әспетті тас Күлтегін ескерткішіндей айрықшаланады. Ұлт руханиятының қалыптасуы мен дамуының сан қилы қатпарларын философиялық түйіндермен әрлеп адамгершілік болмысымен  үлкен биіктерге көтерген ойлы сөздері болашағымызды  кемел биіктерге көтереді. Ұлы ақынның  таңбалы сөздері жастарға шырақ шашқандай терең ойларымен ертеңге қанат қаққандай елестейді. Абай даңғылындағы дана ақынның даналық сөздері тас ескерткіш болып көңіліңізді тербегендей. 

 

АЛМАТЫ