Қоғам • 30 Тамыз, 2019

«Самұрық-Қазына» Орталық Азиядағы нөмірі бірінші жұмыс беруші болуға талпынады - А.Есімов

275 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кадрлық саясаты дарынды жастарды іздестіруге бағытталған. Бұл туралы «Үздік маман» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Самұрық-Қазына» Орталық Азиядағы нөмірі бірінші жұмыс беруші болуға талпынады - А.Есімов

Айта кетейік, «Үздік маман» байқауы 2019 жылдың сәуір айында басталып, Қазақстан жас­тарын қолдауға және дамытуға бағытталған. Бұл байқаудың мақсаты – Қордың жұмысын жақсартатын ең талантты, дарынды жастарды іріктеп алу. Байқау жеңімпаздарының барлығына диплом мен ақшалай сертификат табыстаған Ахметжан Есімов олардың алдында зор мүмкіндіктер ашылып тұрғанын еске салды. Сондай-ақ Есімов Қордың жаңа кадрлық саясатының нәтижелерімен бөлісті.

«Осы жұмыстардың барлығы болашақта Қорға Орталық Азиядағы нөмірі бірінші жұмыс беруші болуға және ТМД кеңістігіндегі топ 30-ға кіруге мүмкіндік береді. Елбасы атап өткендей, Қордың басты активі мен әлеуеті – адам ресурстарын дамыту және кадрлармен жұмыс. Сіздер әлемнің тез өзгеріп жатқанын көріп отыр­сыздар, кеше тек қиял ғана болып көрінген нәрселер бүгін біздің өміріміздің күнде­лікті қажеттілігі. Сіздердің әрқайсыңыз жаңа дағдылар алып, әлемде болып жатқан жағдайдан қалыс қалмауларыңыз керек», деп атап өтті жеңімпаздарды құттықтаған Ахметжан Есімов.

Есімовтің айтуынша, Қордың жаңа кадрлық саясаты 2018 жылы басталған және кадрлық саясат білікті жұмысшыларды іздеу және іріктеу процесінің тиім­ділігін арттыруға бағыт­талған. Осылайша қызме­ткерлерді конкурстық іріктеудің бірыңғай рәсімі енгізілді және Қор компаниялар тобының Samruk Qyzmet атты бос орындар сайтында іске қосылды.

Айта кетейік, осы нәтиже­лердің арқасында 2018 жылы 1 бос орынға 300 адам өтініш берген. 2017 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 2 есеге ұлғайды. Және де жұмыс тұрақсыздығы 1,7 есе азайып, Қор компаниялары қызметкерлерінің ішінен жоғары лауазымдарға тағайындау 3,5 есеге өсті. Қор ішіндегі «Жас Самұрық» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап Қор 100-ден астам жобаны жүзеге асырды.