Аймақтар • 31 Тамыз, 2019

Петропавлда 600 орындық қазақ мектебі есігін айқара ашты

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

    Облыс орталығындағы «Береке» ықшамауданында  600 орындық қазақ  мектебі пайдалануға берілді.

Петропавлда 600 орындық қазақ мектебі  есігін айқара ашты

Соңғы 12 жылда Петропавл қаласында бірде-бір білім үйі тұрғызылмаған екен. Бұл –алтыншы қазақ мектебі. Оның ашылу  рәсіміне аймақ басшысы Құмар Ақсқалов қатысып,  құрылыс жұмыстары мен материалдық-техникалық жабдықталуына 1,5 миллирад теңге жұмсалған үш қабатты нысанның жайымен танысты.

  Мектеп директоры Сәуле Тұрсынова 34 кабинеттің  24-не  интерактивті тақта мен  ЛЭД-экран қойылғанын, 130 орынды асхана, акт,  үлкен, кіші спорт залдарыы, лифт жұмыс істейтінін жеткізді. 70 адам жұмыспен қамтамасыз етілген, олардың  45-і–мұғалімдер.

  «Серпін» бағдарламасы арқылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері  мамндығын алып шыққан едім. Осында жұмысқа орналастым», дейді  Қызылорда облысының Қазалы ауданынан келген Әділбек Амантай.

    «Жас Өркен» шағын ауданында салынып жатқан тағы бір 900 оқушыға лайықталған қазақ мектебі биыл іске қосылатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысы.