Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019

Өскемен аймағы мешіттері 1000 оқушыны мектепке даярлады

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Акция барысында 1000 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.

Өскемен аймағы мешіттері 1000 оқушыны мектепке даярлады

 

Мешіттер тек діни құлшылық ордасы ғана емес, қоғамдағы әртүрлі қайырымдылық шараларына ұйтқы болатын шын мағынасындағы халыққа жақын рухани орталықтарға айналып келеді.

мектеп

 ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында дәстүрлі «Мектепке - жол» акциясын жариялаған болатын. Бастама кеңінен қолдау тауып, өңір бойынша аудандық және ауылдық мешіттерде көпбалалы отбасылардың балаларына оқу-құралын табыс ету іс-шаралары салтанатты жағдайда ұйымдастырылды. Акция барысында 1000 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. «Мұқтаж жандарға көмек қолын созу - адамгершілік парыз. Біз бір-бірімізге қайырымдылық жасай білсек қоғамда ізгілік орнайды. «Мектепке - жол» акциясын жыл сайын жасап келеміз. Бұл игі іс өңірдің аудандарында және ауылдарда кең өріс алып, биыл 1000 оқушыны мектепке даярладық. Бұл игі іске діни қызметкерлер ықыласпен атсалысты» дейді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Тілеуханұлы.

мектеп 1

 

Шығыс Қазақстан облысы