Спорт • 01 Қазан, 2019

Шайбалы хоккей: «Барыс» Қытайдың «Куньлунь» клубынан ұтылды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турдағы ойынын Нұр-Сұлтанда өткізген жергілікті «Барыс» Қытайдың «Куньлунь» клубынан ұтылды.

Шайбалы хоккей: «Барыс» Қытайдың «Куньлунь» клубынан ұтылды

Алғашқы голды бірінші кезеңнің соңында Спенсер Фу салғанымен, айдын иелері таблдағы есепті тез-ақ өгертті. Атап айтсақ, 22 және 23 минуттарда Ииро Пакаринен мен Роман Старченко соққан шайбалардан кейін жерлестеріміз алға шықты.

Алайда содан кейін қарқынын күрт күшейткен қонақтар қатарынан үш мәрте нысананы дәл көздеп, айқын жеңіске қол жеткізді. Есеп – 2:5. Бұл голдардың авторлары – Брэндон Ип (24 минут), Олла Палола (45 минут), Тревор Мёрфи (52 минут) және Лукас Локхарт (56 минут).   

Осылайша, өткен турларда қатарынан төрт кездесуде жеңіске жеткен «Барыс» бұл жолы ұтылды. Осы күнге дейін 14 рет мұз айдынына шыққан нұрсұлтандықтардың қоржынында 14 ұпай бар. Тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде олар 8-орынды иеленуде.

Ертең біздің хоккейшілер Төменгі Новгородтың «Торпедосын» қабылдайды.