Руханият • 13 Қазан, 2019

Керекуге Қарағанды облысынан «Елтану» экспедициясы келді

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрші облыстан жеткен топ мүшелерін  облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» орталығы, облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Жаңғыру жолы» бөлімінің жергілікті штабы, тарихшы ғалымдар қарсы алды.

Керекуге Қарағанды облысынан «Елтану» экспедициясы келді

Экспедицияның мақсаты – «Рухани жаңғыру» атты Елбасы мақалаларында айтылған ойларды жүзеге асыру,  жастардың еліміздің төл тарихи- мәдени мұраларын тануға деген қызығушылығын арттыру.

Ал, Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» орталығының директоры Ерлан Құсайынның айтуынша, экспедицияның құрамында   ақындар, әншілер мен күйшілер, тілшілер, аудармашылар, ұстаздар бар.  

Қарағандылық туристік-өлкетану-экспедициясы  Қоңыр әулие үңгірін, Арғымақтас, Сақтар қорғанын, ӘлкейМарғұлан, ЖаяуМұса, Ермұхан Бекмаханов, Әміре Айтбакин, Шәкен Аймановтың аспанасты музейлерін аралап, көрді.             

- Баянауылда Мұса Шорманұылы, Бұқар Жырау, Мәшһүр Жүсіптің кесенелеріне барып тағзым еттік,-дейді Ерлан Құсайын.

Делегация мүшелерініңбірі – Хананус Расулованың айтуынша,Кереку жері, табиғаты сұлу Баянауылды көргендеріне қуанышты. Кереку жерінің Қалмаққырылған, Маралды көлі басқа да өңірлері жайлы жиі естиді.

Кездесу соңында «Жаңғыружолы» республикалық жастар қозғалысының қос облыс штабтары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан кейін Қарағандылық  өлкетану экспедициясы Абайдың туған жері Семей өңіріне жолға шығып кетті.

Павлодар облысы

Суоетті түсірген: Мақсат Айтбаев