Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Әуе шабуылына қарсы лагерлік жиын аяқталды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» полигонында әуе шабулына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің лагерлік жиыны аяқталды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем  Игисинов хабарлады.

Әуе шабуылына қарсы лагерлік жиын аяқталды

Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондары әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің 200-ге жуық әскери қызметшісі мен 50-ге жуық әскери техникасы іс-жүзінде жауынгерлік мақсаттағы мәселелерді пысықтады.

Әскери қызметшілер ЗУ-23-2 зениттік қондырғыларынан және тасымалданатын зениттік-зымыран кешенінен жауынгерлік және оқу-жаттығу атыстарын, зениттік-артиллериялық взводтар атыстарын және зениттік дивизионның тактикалық жаттығуларын орындады, сондай-ақ жауынгерлік үйлестірудің соңғы кезеңін пысықтады.

Жиын барысында дайындығы жақсы бөлімшелерді анықтау үшін арнайы сайыс ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер зениттік артиллерияның атыс курсы бойынша теориялық ережелерінен біліктіліктерін көрсетіп, тактикалық және арнайы даярлық бойынша көрсеткішьтетін орындады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бастығы подполковник Руслан Нұрахметовтың айтуынша, Атырау қаласы әскери бөлімінің зенитшілері үздік нәтижеге қол жеткізген.

Өткізілген жауынгерлік атыстар мен тактикалық оқу-жаттығулардың нәтижелері бойынша зениттік бөлімшелердің командирлері оларды жауынгерлік әзірлікке келтіру кезінде, жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және жүргізу кезінде әскерлерді басқаруда жаңа практикалық тәжірибе алды. Зениттік дивизиондардың тактикалық жаттығулары жақсы дайындалған бөлімшелерді анықтауға, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери қызметшілерін даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін жұмыс жоспарын анықтауға мүмкіндік берді.