Спорт • 20 Қазан, 2019

Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир өтуде

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда халық батыры Ер Шотан Назарұлы жүлдесіне арналған дзюдодан халықаралық турнир биыл бесінші рет ұйымдастырылуда. Жасөспірім ұл қыздар арасындағы дәстүрлі жарыс 19-20 қазан күндері Ақтау «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтуде.

Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир өтуде

Шотан Назарұлы атындағы дзюдо турнирі алғаш рет 2015 жылы Жаңаөзен қаласында облыстық турнир ретінде ұйымдастырылды. Кейінгі жылы республикалық деңгейге көтерілді. Ал үшінші жылы жарыс облыс орталығына ауысып сол жылдан бастап ашық республикалық турнир деңгейіне жетті. Міне, биыл бесінші жыл алыс-жақын шет елден балуандар тұрақты қатысуда. Биыл да 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер Шотан Назарұлының жүлдесі үшін бақ сынайды. Биылғы бәсекеде еліміздің барлық аймағы мен Ресей,Өзбекстан, Қырғызстан, Ингушетия, Қарақалпақстаннан 600-ге тарта балуан бақ сынайды.

Турнир жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының «Спорт шеберіне үміткер» атағы беріледі.

Командалық сайыс жеңімпаздары I орынға 200 000 теңге, II орынға 100 000 теңге, III орынға 50 000 теңге сыйақыға ие болады.