Аймақтар • 20 Қазан, 2019

Семейде оқушылар спортзалға тегін барады

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық мәслихат депутаты Андрей Алтайбаев Семейдегі «GoldKing» спорт клубының мүшесі. Ол өмір бойы спортты серік еткен. Пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі шебер, Азия мен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі төреші. Тіпті Семейдегі пауэрлифтинг мектебінің негізін қалаушы ретінде де танымал.

Семейде оқушылар спортзалға тегін барады

Бүгін Андрей Алтайбаев қаладағы  43 мектептің оқушыларына ерекше сыйлықтар жасады. Тұрмысы төмен көп балалы отбасының балаларына тегін абонементтер таратты. Абонементтер ұзақ уақытқа арналған. Балалар аптасына үш рет айналыса алады. Жаттықтырушылар да балаларға арналған бағдарламаға  қол қойды.

-Мен сіздердің көпшілігіңіздің спортты сүйетіндеріңізге және барлығыңыз үшін олимпиада резерві мектебіне жол ашылатынына сенімдімін, - деді Андрей Айлтайбаев.

Сонымен қатар оқушылар үшін абонементке 50 пайыздық жеңілдік бар. Спорт бұл салауаттылық, денсаулық және тамаша өмір кепілі.