Қоғам • 27 Қазан, 2019

Президент Мәскеуде қаза тапқан бойжеткеннің анасымен сөйлесті

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде қаза болған қазақстандық студент бойжеткен Томирис Байсафаның анасымен сөйлесті. Бұл туралы қыздың анасы Жанна Ахметова Instagram-дағы парақшасында жазды

Президент Мәскеуде қаза тапқан бойжеткеннің анасымен сөйлесті

«Президент мырза, менің қайғыма ортақтасқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Мені қабылдап, істің  ақ-қарасын айыру жөніндегі тапсырма бергеніңіз үшін, адамгершілігіңіз үшін рахмет», делінген жазбада.

Сондай-ақ ол тергеу ісі қалай жүріп жатқанын жазған.

«Мен қажетті сараптамалардың дайын еместігі жөнінде, куәгерлердің, видеолардың, айғақ заттардың жоғалып жатқаны жөнінде және куәгерлердің жауаптары өзгеріп кетіп жатқаны жөнінде барлық сатыға арыз жазып жатырмын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза қол ұшын бергеннен кейін іске ерекше дәреже беріліп, екпін алды. Ол Ресейдің Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасына тапсырылды. Тергеу тобы құрылды, жаңа тергеуші тағайындалды. Іс біздің барлық ескертпелеріміз бен ұсыныстарымызды ескере отырып әділ тергеледі. Бұл тергеу ісі қалай жүріп жатыр дегенге жауап», деп жазды Жанна Ахметова.

Еске сала кетейік, 13 сәуір күні Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) Халықаралық экономикалық қатынас факультетінің 4-курсында оқитын Томирис Байсафа оқу корпусының 4-этажынан құлап кеткен болатын. Ол 3 мамыр күні Склифосовски атындағы ғылыми-зерттеу институтында көз жұмды.