Аймақтар • 28 Қазан, 2019

Қостанайда Омар Шипиннің 140 жылдығы аталып өтті

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақынның 140 жылдығына арналған дөңгелек үстел мәжілісі оның туған жері Алтынсарин ауданындағы Силантьев ауылындағы Мәдениет орталығында өтті. Оған белгілі журналист Қажы Қорған, журналистика ардагері, Ұлы отан соғысының ардагері, ақын Қасымхан Алдабергенов, ақынның немересі Мұхаметқали Шипин және басқалар қатысты.

Қостанайда Омар Шипиннің 140 жылдығы аталып өтті

Қасымхан, Қажы ағайлар Омар Шипиннің көзін көрген, өлеңін тыңдаған. Олар танымдық, тағылымды естеліктер айтты.

«1959 жылы мен алғаш рет облыстық ақындар айтысына қатыстым. Сонда Омар ақсақал аға ақын болды. Ол кісі менің өнерім туралы жақсы лебіз айтқан еді. Ол мені қанаттандырды. Ол кісіні көру, тыңдау ғанибет болатын»-деді Қасымхан ағай және өз архивінде сақталған естелік суреттерді аудандық музейге табыс етті.

Омар Шипин қазақтың айтыс өнерінің дамуына үлес қосқан ақын. Ол 1943 жылы Алматыда өткен бірінші жалпықазақстандық халық шығармашылығы олимпиадасына қатысып, 2-ші орынға ие болады. Алтынсарин, Амангелді туралы дастандар жазады. 2-4 сайланған Қазақ Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды.

Омар Шипиннің немересі Мұхаметқали Шипин аудан басшыларына рахметін айта отырып, атасы туралы қызықты деректер жеткізді. «Шипин деген атамның өзінің жазуы бойынша кетті. Негізі атамның атасының аты Шымболат»-деді Мұхаметқали. Қатысушылар Омар атамыздың бейітіне барып, құран бағыштады.