Қоғам • 27 Қазан, 2019

«Egemen Qazaqstan» - жеңімпаз

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы «Думан» ойын-сауық орталығында ғасырға жуық тарихы бар «ҚазАқпарат» ХАА ұйымдастыруымен боулингтен мемлекеттік БАҚ өкілдері арасында турнир өтті.

«Egemen Qazaqstan» - жеңімпаз

Журналистер арасындағы додаға «Казправда», «Қазконтент», жарысты ұйымдастырушы «Қазақпарат» және биыл ғасыр жасын тойлап жатқан «Egemen Qazaqstan» газетінің қызметкерлері қа­ты­сып, жарыстың көрігін қыздырды. Спорттық шараның ашылу салтанатында «Қазақпарат» ХАА Бас директоры Асқар Құмыран жарысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат – ақпарат іздеген тілші қауымын бір сәт болса да жұмыстан тыс уақытта сергіту, бір-бірімен таныстығын арттыру екенін айтты.

Тас шармен боулинг кеглдерін құ­латқан бәсекеде БАҚ өкілдері өздерінің тек жазуға ғана емес, спорттық ойындарда да мықтылығы мен ептілігін көр­сетті. Тар­тысқа толы өткен жарыста «Ege­men Qazaq­stan» газетінің журналис­тер коман­дасы ең көп ұпай жинап, тур­нирде топ жар­ды. Екінші орынды «Қаз­кон­тент» құра­масы иеленсе, үздік үштікті «Каз­правдадағы» әріптестеріміз түйіндеді.

Сондай-ақ аталған турнирде «Ege­men Qazaqstan» газетінің фото­тілшісі Ерлан Омар ең үздік страйкер атанды. Әріптестерімізді жүлделерімен құт­тық­таймыз!