Аймақтар • 08 Қараша, 2019

«Қыс-2019»: Ақтау теңіз портында нысанды жаттығу өтті

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында «Қыс-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында бірқатар жоспарланған тәжірибелік іс-шара өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен Г.Ходжабекова хабарлады.

«Қыс-2019»: Ақтау теңіз портында нысанды жаттығу өтті

Теңіз портындағы нысанды жаттығу «Кемеде қысқы кезеңдегі күрделі метеожағдайлар нәтижесіндегі апат» тақырыбында өтті. Оған Ақтау портының күштері мен құралдары, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының №72 ӨҚАҚБ, Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесі, Апаттық медицина орталығы филиалы және «Ұлттық ұлан» РММ қатыстырылды.

Нысанды жаттығу барысында Ақтау қаласының азаматтық қорғау күштері мен құралдары тартылып кемедегі өртті сөндіру және термиялық күйік пен үсік алған зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде өзара іс-әрекет пысықталды.

Нысанды жаттығуда Өрт сөндіру қызметінің 94 жеке құрамы және 9 бірлік техника қатысты.