Аймақтар • 15 Қараша, 2019

Қостанайда банкир өз банкін өзі тонап, шетелге қашты

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бірақ баспасөз қызметі әзірге банктың аты мен қашып кеткен басшысының атын айтпай отыр.

Қостанайда банкир өз банкін өзі тонап, шетелге қашты

Банктің Жітіқара аудандық филиалының басшысы өз банкін тонап, қашып кеткен. Оған Қостанай облыстық полиция департаментінде ҚР ҚК 4-бөлімі, 189-бабы бойынша «Аса ірі көлемде сенген мүлікті иеленгені және шығындағаны үшін» тергеу амалдары басталды.

Күдікті саналып отырған филиал басшысының алып кеткен ақшасы 205 мың еуро, теңгеге шаққанда 87 миллион теңгеден асады. Тергеу-іздестіру амалдары көрсеткендей, ол  шекарадан Ресейге 12 қараша күні өткен. Қазір ұстау шаралары жүргізілуде.