Руханият • 22 Желтоқсан, 2019

«Ertis» мультимедиялық музейі ашылды

567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығында ашылған музей әлемнің тарихи-жаратылыстану музейлерінің үлгісімен құрылған. Онда геология, физикалық география, ежелгі флора мен фаунасынан, Кереку өңірінің палеозой заманынан бастап казіргі кезеңге дейінгі тарихы бар.        

«Ertis» мультимедиялық музейі ашылды

Сондай-ақ, музейде реставрациялық зертхана, «Gloss Vision» атты виртуалды киім өлшеу алаңы, даңқты жерлестеріміздің өмірбаяны мен еңбектері, мұз дәуірінің ландшафты,  өңірдің флорасы мен фаунасының эволюциясы, «Қазқонақ» табиғи ескерткішін мекен еткен құстардың жасанды түрін,ежелгі мамонттың қаңқасы көруге болады. 

Музейдің ерекшелігі – шынайы археологиялық және табиғи экспонаттарды real-book кітабымен, ақпараттық touch-панелімен және заманауи инсталяциялар, мультимедиялық технологияларарқылы таныса аласыз. Келушілер үшін 9экспозициялық зал жұмыс істейді.

       - Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  бастағанда-ақ облыс орталығында заман талабына сай  музей қажеттігін ойлаған едік. Бүгін де міне, бұл мақсат- Елбасының  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асты, - деді облыс әкімі Болат Бақауов.

Нысан құрылысына ​ ERG компаниясы 300 миллион теңге көлемінде демеушілік көрсеткен