Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2019

Ақсуда «Студенттер үйі» пайдалануға берілді

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі  Ақсу қаласындағы жаңа жатақханаға Қара металлургия колледжінің студенттері қоныстанды.

Ақсуда «Студенттер үйі» пайдалануға берілді

Жаңа жатақханадан қазір 150 студент орын алды. Олардың көбі бұған дейін  әр күн сайын қалаға келіп, кейбірі пәтер жалдап, кейбірі  таңғы сағат 6-дан тұрып, көрші ауылдардан қоғамдық көлікпен келіп оқитын. 

Енді  студенттер жолға жұмсайтын қаражат пен уақыттарын үнемдейтін болды.   

Барлық бөлмелер жақсы жабдықталған. Жатақханада асхана, кір жуатын бөлме, тренажер және хореография залдары бар.

– Жатақхананың ашылуы- «Серпін» бағдарламасы бойынша студенттер келуінемүмкіндік береді, – дейді колледж директоры  Ренат Дүйсекенов. Өйткені,біздің түлектердің көбіферроқорытпа зауытына жұмысқа орналасады.

Өңірімізде алдағы жылдары  «Студенттер үйінің» құрылысы жалғасады, колледждер ғана емес, жоғарғы оқу орындарының студенттерін де жатақханалармен қамтамасыз етілмек.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазір С. Торайғыров атындағы  мемлекеттік, педагогикалық университеттерінің студенттері үшін әрқайсысы 500 орындық жатақханалар салынып жатыр.

Ал, колледж студенттер  үшін жатақханада тұру тегін.