Әлем • 02 Наурыз, 2020

АҚШ-та мобильді операторларға ірі айыппұлдар не үшін салынды?

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өз абоненттерінің жеке мәліметтерін таратты деген айып тағылған бірнеше мобильді байланыс операторларына ірі көлемде айыппұлдар салынған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

АҚШ-та мобильді операторларға ірі айыппұлдар не үшін салынды?

Салынған айыппұлдар жиынтығы 208 млн долларды құрайды. АҚШ-тың Байланыс жөніндегі федералдық комиссиясы (FCC) Конгреске ресми хат жолдап, онда елдің бірнеше мобильді байланыс операторы өз клиенттерінің орналасқан жерлері туралы ақпаратты басқа біреулерге сатып жібергенін айтқан. Осы заң бұзушылықты алға артқан FCC T-Mobile компаниясына 91 млн, AT&T - 57 млн, Verizon - 48 млн және Sprint 12 млн доллар көлемінде айыппұл төлеу керектігін талап етуде.

Мәселені тексеру нәтижесінде бірнеше компания заңды белден баса отырып, операторлардан пайдаланушылардың геолокациялық мәліметтерін сатып алғаны белгілі болды.