04 Наурыз, 2020

Аягөзге мұғалімдер мен ветеринарлар жетіспейді

451 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әсіресе орыс тілі және орыс әдебиеті, ағылныш тілі, математика пәндерінің мұғалімдеріне сұраныс жоғары.

Аягөзге мұғалімдер мен ветеринарлар жетіспейді

Жақында Семей қаласында Аягөз ауданының осы шаһарда білім алып жүрген жастарымен кездесу өтті. Бүгінде қаладағы 4 жоғары оқу орны мен 9 колледжде аягөздік студенттер білім алуда. Кездесуге Аягөзден арнайы келген аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев өңірдегі 9 бөлімнің жетекшілерімен бірге туған жерін түлетуге ниетті жастармен емен-жарқын әңгімелесіп, оларды кіндік кескен мекенінде еңбек етуге шақырды.

fz

«Биыл «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша 30 маманға үй алуға жеңілдетілген несие және көтерме ақы беруге республикалық бюджеттен 100 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Туған жерін өркендетемін, көркейтемін деген жастарға осындай мүмкіндік бар. Қазір біздің ауданға 3 дәрігер, 43 мұғалім, 9 ветеринар мамандары қажет. Әсіресе орыс тілі және орыс әдебиеті, ағылшын тілі, математика пәндерінің мұғалімдеріне сұраныс жоғары. Сондықтан аягөздік жастар туып-өскен мекендеріне оралса дейміз. Басқа ауданның жастарына да есігіміз ашық» дейді аудан әкімі.

Студенттермен кездесуде сөз алған Аягөз аудандық Мәдениет бөлімінің басшысы Жандос Аманов жастарды мәдениет саласына қызметке шақырып, ауданда осы салада жастардың үлесі басым екендігін айтты.  «Менің туған жерім - Аягөз қаласы. Туған қалама барып, ауданға өз еңбегімді сіңіргім келеді. Қазір ауданда жалпы тәжірибелік дәрігерлер, хирург мамандары жеткіліксіз. Осы олқылықтың орнын толтыруға үлес қоссам деймін» дейді аягөздік студент Мәдина Құнанбай.

d

Кездесуге бұрын Аягөз ауданында тұрып, қызмет еткен аға буын өкілдері де шақырылыпты. Шара соңында аудан әкімі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, үздік оқитын он студентке ноутбук пен Алғыс хат табыс етті.

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы