Аймақтар • 24 Наурыз, 2020

Қарағандылық спортшылар тұрғындарды онлайн-жаттығулармен қолдайды

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы #antivirus челленджін іске қосты.Мұның мәнісі мынада: қазіргі таңда оқшаулану жағдайына байланысты өңірдегі спорт залдары жабық, бассейндер мен фитнес-клубтар жұмыс істемейді.

Қарағандылық спортшылар тұрғындарды онлайн-жаттығулармен қолдайды

Міне осы олқылықтың орынын толтыру мақсатында қарағандылық спортшылар үйде жүріп-ақ күн сайын жаттығу жасауды қолға алды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев алдағы уақытта апта сайын әлеуметтік желілерде спортшылардың үй тапсырмаларын орындауыбойынша түсірілген бейне роликтерді жариялап тұруға шешім қабылдағандықтарын хабарлады.

– Облыс спорт мектептерінің тәрбиеленушілері жаттығуды тек залдарда, бассейндерде және манеждерде ғана емес, үйде де жалғастырады.
Жаттықтырушылар күн сайын оларға тапсырмалар береді. Ал тәрбиеленушілер өз тәлімгерлеріне бейнеесептерін жіберіп отырады. Жас спортшылардың үй жаттығуларын жасауға ерекше құлшыныспенкіріскені қуантады, – дейді ол.

Қазірдің өзінде #antivirus челленджін Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиадасының қатысушылары,мәнерлеп жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Александра және Екатерина Немич, бокстан Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшесі, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Токио-2021 Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алған Абылайхан Жүсіпов, қарағандылық жас хоккейшілер мен велоспорт мектебінің тәрбиеленушілері қолдады.

Бұл жобаны дене шынықтыру және спорт басқармасы «Saryarqa-Қарағанды» телеарнасымен бірге жүзеге асырады. Бейне роликтерде Қарағанды облысының белгілі спортшылары тұрғындарға спорттың әр түрі бойынша жаттығу тәсілдерін көрсетеді. Мысалы, спорттық акробатика бойынша әлем чемпиондары Анастасия Долгонюк және Никита Амоскин онлайн-жаттығу өткізсе, күштік гимнастикадан спорттық акробатикадан Әлем кубогының иегерлері Даниель Диль мен Вадим Шуляр көмекке келеді. Сондай-ақ, аға буын өкілдері жеңіл атлетикадан Азия чемпиондары Махаббат Комкова мен Татьяна Мунтянмен бірге виртуалды түрде жаттыға алады.

Бұдан бөлек, жоба аясында Жазғы Олимпиададодасында өнер көрсетуден үміткер спортшылардың қатысуымен сұхбаттар мен аңдатпалық роликтер әзірлеу жоспарда бар. 

Аталған бейне роликтерді әлеуметтік желілер бойынша, мысалы  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының инстаграмдағы https://instagram.com/karsportregion?igshid=1jls02iex3hlp  парақшасы арқылы да тамашалауға болады.

«Біз әр спорт мектебінің үй жұмыстарынорындау жөніндегі бейне роликтерін төтенше жағдай аяқталғанға дейін нық сенім мен ерік-жігер және рухкүшін қолдау мақстаында таратамыз. Дендеріңіз сау болсын және спортпен айналысыңыздар!», делінген Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Facebook-тегі ресми парақшасында.