Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Қарағандыны дезинфекциялауға әскерилер жұмылдырылады

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында әскери қызметшілер бүгіннен бастап көшелер мен ғимараттарды және нысандарды дезинфекциялайтын болады. Әсіресе, теміржол мен автовокзалдарды арнайы өңдеуден өткізуге баса мән беріледі.

Қарағандыны дезинфекциялауға әскерилер жұмылдырылады

Жалпы, облыста тоғыз мыңнан астам нысанда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілген. Міндетті қауіпсіздік шараларының орындалуы  қадағаланып, тәртіп бұзушылықтар қатаң жаза қолдану арқылы жойылуда.

Еске салсақ, полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларға қатысты сотқа 45 әкімшілік іс тапсырды. 12 дерек бойынша кінәлілер айыппұл төлейді. Бесеуі әкімшілік қамауға алынды. Қалған 28 іс алдағы күндері қаралатын болады.

Бүгінгі күнде облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Індет жұқтырған екі науқас ем алуды жалғастыруда.

Қарағанды облысы